Денсаулық

Жедел жәрдем қызметі GPS жүйесімен қамтылды

Медицина

Жедел жәрдем қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан шағым көп түседі. Дегенмен медициналық қызметтің сапасын көтеру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Кейінгі кезде орталық жұмысы оңтайландырылды.
Өткен жылы Ақтөбе қаласындағы №14 емхананың жанында 4-санатты шұғыл шақыруларға қызмет көрсету үшін шұғыл медициналық көмек бөлімшелері ашылды.  Сондай-ақ облыс әкімінің «Жедел медициналық көмек бөлімшелерін орталықтандыру» туралы бұйрығына сәйкес, облыс аудандарындағы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамдары арқылы 103 қызметінің қоңырауларын қабылдау жұмыстары жүргізілді. Бүгінде облыс бойынша 103 нөміріне шалынған барлық қоңыраулар «Первая помощь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірыңғай CALL-орталығына түседі.

Ақтөбе қаласында жедел медициналық көмек жұмысы «IDEA» автоматтандырылған басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Облыстың барлық жедел медициналық көмек бригадалары ІPAD планшеттермен қамтамасыз етілді. Диспетчерлер «Арвенто» GPS жүйесі бойынша автокөліктердің қозғалысын қадағалайды. Аталған автоматты басқару жүйесі қаланың 8 стационарлық орталықтарында орнатылды. Оған сол стационарға жеткізілетін науқас туралы барлық мәліметтер және ауруханаға жатқызу туралы соңғы нәтижелер енгізіледі.

М.ЖАНҚҰЛОВ,

облыстық жедел жәрдем

бекетінің бас дәрігері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button